Халықаралық тасымалдарға рұқсаттарды бөлу және алу мәселелері бойынша талқылау

Халықаралық жүк тасымалына рұқсаттарды бөлу және алу бойынша іс барысы белсенді түрде жалғасуда. Мәселе тек Қазақстандағы тасымалдаушылар үшін ғана емес, бүкіл аймақ бойынша өткір.
ҚАТЭО өкілдері USAID Орталық Азиядағы Сауда бағдарламасы WiLAT Central Asia бірлесіп ұйымдастырған «Халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаттар (жүк тасымалы): ағымдағы жағдай және болашақ перспективалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара спикерлері:
Оксана Сорокина – «SevenR Logistics» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан;
Ольга Ли – «Asia Logistics LTD Kazakhstan» директоры;
Игорь Голубев – Қырғызстандағы «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша әріптестік» ұлттық үйлестірушісі;
Ольга Лидің айтуынша, қазір Қазақстанда рұқсаттың екі түрі бар - Кедендік одақ аймағында жүріп-тұру және ИДБ нысандары арқылы халықаралық тасымалдау. Жаңа, өте қатал ережеге сәйкес, рұқсаттамадан барлығы өтуі керек, бірақ бәрі бірдей өтпейді, ең мықтылары қалады.
Шетелдік компаниялардың келуіне байланысты Қазақстаннан шыққан тасымалдаушылардың мүддесін қорғау мақсатында барлық Қауымдастықтар, соның ішінде біз құрған «ҚАТЭО» одағы, хат жазып, талқылаулар ұйымдастырып, БАҚ өкілдерін тартуда. Бірақ шешімі әлі табылған жоқ, «тіршілік үшін күрес» басталды.
Оксана Сорокинаның айтуынша, рұқсаттың болмауы бағаның «қара сатушылар» арқылы екі мың долларға дейін қымбаттауына әкеліп соқты. Бұл қазірдің өзінде жүк тасымалдау құнын көтеріп, соңғы тұтынушы үшін тауар құнының 10%-ға дейін өсуіне жеткізді. Өкінішке қарай, Қазақстанда рұқсаттарды бөлу түсініксіз үрдіс болып қала береді, электронды рұқсат енгізу жағдайды жақсартуы мүмкін, бірақ бұған сенім жоқ.