Жоғары деңгейдегі кездесу

Жақында біздің саламыз үшін өте маңызды оқиға – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Алтай Әлимен кеңес өтті. Кеңесте өзекті мәселелер талқыланды: жаңа компанияларға шетелдік рұқсаттарды беру тәртібін анықтау, пайдаланылмай қайтарылған шетелдік рұқсаттарды қайта пайдалану тетігін анықтау және жұмыс тобының жаңа құрамы.
Кеңеске Көлік комитетінің барлық бөлімшесінің қызметкерлері, барлық өңірдің ИТК басшылары, көлік прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысып, "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әмірин баяндады. САПЭК – тен басқа, басқарма төрағасы Әсел Садықова атынан кеңеске "KAZLOGISTICS", ҚазАТО, ЮКАД, "ҚР ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылардың Ұлттық қауымдастығы" сияқты басқа да кәсіби бірлестіктердің өкілі және көлік және логистикалық компаниялардың басшысы қатысты.

Барлық мәселелер нақты пысықталды, біз оң өзгерістер күтеміз, бірақ ресми құжаттар шыққанға дейін нәтижелер туралы әлі айтпаймыз.