Алматыда Жастар – таза ауа үшін «SOI (Students on Ice)» мұздағы шоу өтті.
Қазақстан чемпионы, Азия жарыстарының чемпионы, бапкер-спорт шебері Регина Глазм жетекшілігімен 5 ай бойы 11 студент шоу – жарысқа қатысу үшін күнделікті дайындалып отырды.
Мұз үстінде Алматы қаласының барлық жоғары оқу орындарының студенттері мұқтаж отбасыларға жеке секторды газдандыруға қаражат жинау үшін кездесті. Экологиялық проблемалар бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Біздің жастарымыздың қала проблемаларына бейжай қарамайтыны және осы мәселелерді шешуге белсенді қатысып, тарихта із қалдырғылары келетіні қуантады. Барлық көрермен билетті сатып ала отырып, «Жастар – таза ауа үшін» қайырымдылық акциясына қатысты.
Демеушілердің жобаны ұйымдастыруға белсенді қатысқанына алғыс айта отырып, «Qfilm», FlyArystan, Қазақстанның автомобиль тасымалдаушылар мен экспедиторлар одағы, Zalia Trans, «MonAmi» және басқа да демеушілердің жұмысын атап өткім келеді.
Жиналған қаражат Алматы қаласы Түрксіб ауданының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйіне газ өткізуге беріледі. Көмірмен жанатын пештен ауа ластанып, адам денсаулығы мен экологияға қауіп төнеді. 2019 жылы Алматы қаласы әлемдегі экология үшін ең қауіпті 100 қаланың қатарына кіріп, 95-орынға ие болды.
Жыл сайынғы студенттік бастамаларды қолдау жастардың бойында құндылықтың қалыптасуына оң әсер етіп, бізді жарқын, бақытты болашаққа жетелейтіні сөзсіз.