Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаушылардың өзекті мәселелер

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Кеңеске жұмыс тобының мүшелері, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстанның автомобиль тасымалдаушылары мен экспедиторлары Одағы» (САПЭК), «Қазақстан Республикасының ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылардың Ұлттық қауымдастығы», «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік тасымалдаушылары Одағы, «ҚазАТО» халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы өкілдері қатысты. Кездесуде министрқатысушылармен және олардың өзекті мәселелерімен ғана танысып қоймады, жалпы кеңес нәтижелі өтті деп айтуға болады. САПЭК өкілі ретінде ведомство басшысымен кездескен «Transexpeditions» ЖШС директоры Марат Назаровтың айтуынша, негізгі міндет – Министрге «Қазақстанның автомобиль тасымалдаушылары мен экспедиторлары Одағын» ұсыну болатын. Сондай-ақ оларға Одақ атынан саланың өзекті мәселелері баяндалып, САПЭК-тің жұмыс тобына белсенді қатысуға және оның мемлекеттік органдармен сындарлы диалогқа дайын екендігі жеткізілді. Министр жұмыс тобының бастамаларын қолдап, мамырдың екінші жартысына тағайындалған келесі жұмыс кеңесіне бүгінгі өзекті мәселелерді және оларды САПЭК мүшелері тұрғысынан шешу жолдарын нақты көрсете отырып, баяндама дайындауды тапсырды.