




Бүгін Алматыда «Рұқсат беру жүйесі саласындағы халықаралық тасымалдаушылардың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы Қазақстанның автотасымалдаушылар және Экспедиторлар Одағы (САПЭК) болды.
Саладағы өзекті мәселелерді талқылау үшін көлік және логистикалық қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» ӨКП, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, халықаралық қатынастағы ҚР автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, көлік және логистикалық компаниялардың басшылары жиналды.
Әңгіме шынайы түрде болды, сындарлы бағытта өтті. Ең өзекті мәселелер талқыланды – қазақстандық компанияларды жүк тасымалынан шеттету кімге тиімді, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №136 бұйрығына (Ресей және Беларусь тасымалдаушылары үшін қайта тіркеуге рұқсат беру туралы) және №715 бұйрығына өзгерістер енгізуге қалай қол жеткізуге болады. Бұл – автомобиль тасымалдаушыларын жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға жіберудің жаңа ережелері және ҚР-да автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану ережелері.
Ең қызығы ИИДМ жұмыс тобы қызметінің тиімділігін талқылау болды. Бұл топтың кейбір мүшелері шетелдік тасымалдаушылардың мүддесін қолдайды деген пікір айтылды. Мұндай тәуекелдерді болдырмау үшін жиналыс жұмыс тобының қазіргі құрамын таратуды және қазақстандық бизнес пен ел экономикасын дамытуға нақты қызығушылық танытатын ұйымдардың өкілінен тұратын жаңа топ құруды ұсынды.
Дөңгелек үстелде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшылығының жұмысына негізделген шағымдар да айтылды. Айта кету керек, МКК және кеден өкілдері жағдайды талқылауға өте сындарлы түрде қосылды, бірақ ИИДМ өкілдері көлеңкеде қалып, кәсіпқойлардың әңгімесіне араласпауды жөн көрді.