ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан астанасында бұл күндері ИННОПРОМНЫҢ ірі іскерлік іс-шарасы өтуде. Қазақстан, Ресей, Беларусь және өңірдің басқа да елдері үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтар мен өндірістік компаниялардың басшылары бас қосты. Бизнес пен билік өкілдері халықаралық кооперация туралы өзекті ойларымен бөлісті, сондай-ақ жаңа жобаларды ұсынды.
Панельдік сессиялардың бірінде САПЭК төрағасы Әсел Садықова сөз сөйледі. Бұл туралы келесі басылымда толығырақ тоқталамыз.