
Осы жылдың көктемінде САПЭК мен Алматы логистика және көлік академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын жазған болатынбыз, оның аясында көптеген бірлескен жобалар мен бастамалар жоспарланды.
Олай болса, жұмыс жүріп жатыр. Бүгін меморандум аясында Академияның 4 курс студенттеріне қонақ дәрісі өткізілді. Логистикалық бизнестің өндірістік және әкімшілік мәселелерінде мол тәжірибесі бар кәсіби маман – «Zalia Trans» ЖШС директоры Арбек Баймұхамедов спикер болды. Тыңдаушылардың көңілдерінен шықты.
Бүгінгі дәріс бизнес пен білімнің өзара сабақтастығына қатысты тұтастай бір бағытты көрсетті. Осы жоба аясында қазіргі кәсіби мамандар, САПЭК-ға мүше кәсіпорындардың сарапшылары практикалық тәжірибелерімен бөлісетін және өздерінің баға жетпес тәжірибесін саланың болашақ мамандарына үйрететін болады.