TRANSLOGISTIKA KZ. СӨЗДЕН ІСКЕ.

TRANSLOGISTICA KZ көрмесінің екінші күні аяқталды.

САПЭК стенді көрмеге келушілер мен қатысушы әріптестердің шынайы қызығушылығын тудырып жатқаны қуантарлық жәйт. Біздің амбассадорларымыз демалмастан презентацияларын таныстырып, серіктестік шарттарын талқылап, коллаборация болашағын жоспарлауда.

Осы саладағы жылдың ең ірі оқиғасына САПЭК-ның қатысуына, әріптестеріміз өте ыңғайлы әрі нәтижелі жұмыс істеп жатқан лайықты ақпараттық материалдарды дайындауға “Zalia Trans” ЖШС, “Pandora Logistics” ЖШС, “ASA Садыков А.А” ЖШС, “ҚазИнвестТранспорт” ЖШС, “Smart Delivery Company” ЖШС, “ETT Cargo” ЖШС тәрізді одақтас компаниялар қолдау көрсетті.

Одақтың күші ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігуден көрінеді. Бүгінгі көрме біздің жаһандық мақсаттарымыздың қаншалықты дұрыс белгіленгенін, осы мақсаттарға қол жеткізуде серіктестеріміздің қаншалықты дұрыс таңдалғанын тағы бір рет көрсетіп отыр.

Әріптестер, алған бетіміз дұрыс!