
Саладағы жылдың ең ірі оқиғасы өз мәресіне жетті. Бүгін ұжым болып, маңызды көрме жұмысын қорытындыладық.Көрме көптеген кәсіби конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, жай жұмыс кездесулері алаңына айналды.
Астанаға барып, көптеген жаңа байланыс орнаттық, уағдаластықтар орын алды, идеялар әкелдік, сондықтан қызықтың бәрі енді басталмақ. Өткен аптаның басты оқиғасы ретінде осындай алаңда, осындай жоғары деңгейде алғаш рет автомобиль жүк тасымалы саласы теміржол және авиациялық тасымалдармен қатар ел экономикасындағы көлік логистикасының ажырамас бөлігі ретінде қарастырыла бастағанын айтуға болады.
“Zalia Trans” ЖШС, “PANDORA LOGISTICS” ЖШС, “ASA Садыков А.А” ЖШС, “ҚазИнвестТранспорт” ЖШС, “TransExpeditions“ ЖШС, “Smart Delivery Company” ЖШС, “ETT Cargo” ЖШС секілді барша серіктестерімізге, әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді, олардың қолдауының арқасында Астананың Көлік апталығында САПЭК өзін лайықты түрде көрсете алды.