ҚОЛҒА АЛЫНҒАН КӨЛІК-ЭКСПЕДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Іске қосылды!

Көлік және логистика саласының ең белсенді қазақстандық іскерлік қауымдастықтары IBECA халықаралық бағдарламасы аясында «Экспедитор қызметтерін ұсыну ережелері» жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құрды. Әрине, оның құрамында біздер, САПЭК, «Логистика және көліктегі әйелдер» қауымдастығы (WiLAT), ҚазАТО, «Оңтүстік Қазақстан алысқа қатынайтын жолаушылар қауымдастығы», «Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылар қауымдастығы», «Жүк көліктерінің жүргізушілері мен иелері қауымдастығы» бар.

Жұмыс тобының мүшелері бірлесіп, осы мәселедегі берекесіздікті тоқтата алатын «Көлікте экспедитор қызметін көрсету ережелерінің» жобасын әзірледі.

Бүгін жоба Алматыда бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп талқылануда. Келесі кезеңде, яғни 27 қазан күні жобаны Астанада мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп талқылайды. Аудиториядан талап-тілектер мен ұсынымдар алғаннан кейін Ереже жобасын көлік-экспедитор қызметіндегі негізгі құжат ретінде қабылдау үшін Үкіметке жібереді.