
Өткір жарияланымдарымен белгілі, белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам қайраткері Санжар Боқаев @sanzhar_bokayev Қытай шегарасындағы өткізу пункттеріндегі тасымалдаушылардың проблемаларына назар аударды.
САПЭК төрағасы Әсел Садықова @sadykova_assel_a тасымалдаушылардың шегарада қандай қиындықтарға тап болатынын түсіндіре отырып, мәселенің мәнін ашуға көмектесті. Бәлкім, қоғамның көлік мәселелеріне көңіл бөлуі оларды шешуді тездетуге көмектесетін шығар. Тікелей болмаса да, бұл проблемалар түпкілікті тұтынушыларға, яғни Қазақстанның қарапайым азаматтарына әсерін тигізеді.