КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Бірлескен ғылыми-техникалық қызметті жүргізу және білікті жас мамандарды даярлау процесін жетілдіру мақсатында САПЭК Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтымен меморандум жасасты @kazadi_kz.

Тараптар дәрістер, консультациялар, тағылымдамалар, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тәжірибе, маман алмасуға келісті.

Бизнес-қоғамдастықтың білім беруге қатысты ынтымақтастығының мақсаты саладағы кадр тапшылығын азайту және отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету болып табылады.