ТАНДЕМДЕРДІ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТЫҢЫЗ!

Кәдеге жарату төлемі және оны төлеу тәсіліне қатысты күрделі әрі түсініксіз жағдай орын алды.
«Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен бекітілген Әдістемеге сәйкес, ершікті тартқыштар кәдеге жарату төлемінен босатылды. Бірақ халық арасында «тандем» деп аталатын тіркемесі бар (тіркелетін) жүк көліктері оны төлеуді жалғастырып келеді. Сөз жоқ!
Экологиялық ведомство қызметкерлері жүк көлігінің қыр-сырын және ерекшеліктерін түсінуге міндетті емес екенін түсінеміз. Бірақ мұндай бұйрық шығару үшін ең болмағанда мамандардың пікірін сұрау керек еді ғой!
САПЭК «тандемдер» үшін кәдеге жарату төлемін төлеуді тоқтату туралы ұсыныстарымен қадағалау органдарына жүгінеді, өйткені бұл отандық тасымалдаушылардың автопаркін жаңартуларына мүмкіндік бермей отыр. Бұл қазақстандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.