Ешқандай саясатсыз. Таза бизнес.

Кейбір ресейлік, беларусьтік және украиндық БАҚ Әсел Садықованың 30 қаңтардағы ҚАТЭО брифингіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, жүк көліктерін республикада қайта тіркеу арқылы Еуропалық Одақ елдеріне жүктерін санкцияларды айналып өтіп тасымалдай алған ресейлік және беларусьтік автотасымалдаушылар үшін «Қазақстан саңылауларды жауып жатыр» деп өткір жазды.

Әңгіме Қазақстанда 20 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайтын автотасымалдаушыларды халықаралық жүктерді автомобильмен тасымалдауға жіберудің жаңа Ережелері туралы болып отыр. ҚАТЭО Басқарма төрайымы Әсел Садықова бұған: «Бұл шешімге ешбір жағдайда саяси реңк беруге болмайды. Жаңа Ережелерді енгізуді санкциялық шаралармен немесе олқылықты жабумен байланыстыру үлкен қателік болар еді. Бұл Ережелерді енгізу жағдайды жақсартады және қазақстандық автотасымалдаушылар үшін де, Ресей, Беларусь және басқа елдердегі әріптестеріміз үшін де халықаралық тасымалдауға рұқсат алу мүмкіндігін теңестіреді. Жаңа Ережелер енгізілгенге дейін Қазақстанда жұмыс істейтіндердің барлығы әрі қарай да алаңсыз, тыныш жұмыс істей береді», - деп түсініктеме беріп өтті.