
САПЭК өкілдері Interconsult info «ЖШС ұйымдастырған «Орталық Азиядағы сақтандыру» XIV халықаралық конференциясына қатысты.
Конференция аясында мамандандырылған сессия өтті, онда Қазақстанның көлік саласы мен моторлы сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар үшін өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары автосақтандырудағы шығындарды реттеу, инновациялық технологиялар мен серіктестіктің арқасында бағалардың койылуы сияқты өзекті мәселелерді түсінуге көмектесті. Процестерді цифрландыру, оларды қашықтан реттеу және аутсорсинг моделдері мәселелері де талқыланды.
Спикерлер көлікті қалпына келтіру, жөндеу құнын есептеу және жасанды интеллект технологиясы негізінде көліктердің зақымдануын бағалау үшін жаңа өнімдер мен қолданыстағы өнімдерді, сондай-ақ осы технологиялар мен өнімдерді Ресей мен Қазақстан нарығында қолдану бойынша кейстерді ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, жүк тасымалдау және логистика саласындағы қызметті сақтандыру мәселесі бүгінгі күні заң жүзінде реттеуді талап етеді. САПЭК отандық және халықаралық серіктестермен бірлесе отырып осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.