СЕРІКТЕСТІК.

САПЭК қызметіндегі бағыттардың бірі отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Мұндағы ең маңызды мәселе – тасымалдаушыларға көлік құралы паркін жаңартуға жағдай және мүмкіндік жасау. Осы мақсатта Одақ бизнеспен, автотехника өндірушілерімен/жеткізушілерімен, салалық бірлестіктермен серіктестік байланыс орнатуда. Мұндай ынтымақтастық жақын арада бизнес және мемлекеттік қызмет өкілдерімен талқыланатын бірқатар ұсыныстарды әзірлеуге көмектеседі.

Осы жұмыс аясында Одақтың төрағасы бастаған САПЭК делегациясы бүгін «Scania Central Asia» компаниясына барды. Кездесудің тақырыбы: автоөндірушілер тап болатын мәселелер мен проблемаларды талқылау, автотехника жеткізушілерінің мүддесі мен біздің Одақтың міндеттерін байланыстыру.

Автопаркті жаңартудағы екінші маңызды құрал – лизинг бағдарламасы, мемлекеттен немесе басқа қаржы институттарынан жеңілдетілген арнайы кредит беру. САПЭК осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде, демек нәтижесін жақын арада көреміз!