Осы жылдың 17 мамырында Қазақстан мен Қытай үкіметтері қол қойған Келісім негізінде еліміздің азаматтары 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қытай аумағына визасыз кіре алады деп хабарлады ҚР СІМ.
Қытайға визасыз мына мақсаттармен кіруге болады: жеке істер, туризм, емделу, халықаралық тасымалдар, транзит, іскерлік мақсаттар (келіссөздер, келісімшарттар жасасу, кеңес алу қызметтері және т.б.).
Қытай аумағында виза рәсімдемей, 30 күнтізбелік күн ішінде жүрып-тұруға болады, бірақ 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күннен аспауы керек.
Бір қызығы, егер ҚР немесе ҚХР азаматы шекарадан өтсе, бірақ оның мақсаттары Келісімде көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмесе, мақсаттарға сәйкес келетін визаны рәсімдеу қажет болады.
Келісім тасымалдаушылардың шекарадан өтуін қалай анықтайтыны әлі пысықталған жоқ, құжатта бұл туралы нақты анықтама жоқ. Бірақ біз бұл мәселені міндетті түрде анықтап, келесі басылымдарда айтамыз.
Бізбен бірге болыңыз!