Әріптестер, Селим Қуанышұлының осы жылдың 11 тамызында Алматыдағы тасымалдаушылармен өткен кездесуінде Көлік комитеті тасымалдаушылардың көптеген тілектері мен наразылықтарын естігеннен кейін №715 бұйрықтан:
1. Еңбек шарттарын нотариалды куәландыру
2. Сертификатты және тахографтарды тексеру туралы куәлікті нотариалды куәландыру
3. АТС экологиялық класс сертификаты
4. Компаниялар үшін бақылау кезеңін 2 жылдан 6 айға дейін қысқарту… сияқты тармақтарды алып тастау туралы шешім қабылдады деген мәлімдемесін қуана әрі шабыттана қарсы алған болатынбыз.
Әли Алтай сол кезде «...жоғарыда аталған тармақтарды түзету рәсімі уақытты қажет етсе де, Комитет өзгерістердің бір жарым айдан кейін күшіне енуіне бар күшін салады» деп тасымалдаушыларды сендірген болатын.
САПЭК шенеуніктердің берген уәдесін ұмытпайды! Қазір Көлік министрлігінің қайта құрылуына байланысты жұмыстың көп екенін түсінеміз. Десе де сәтсіз қабылданған 715 бұйрыққа өзгерістер енгіземіз деп жарияланған сәттен бастап үш ай өтті. Барлық тасымалдаушылардың атынан ҚР Көлік министрлігі басшылығының жағдайға қатысты түсініктеме беруін сұраймыз.
Біз уәде етілген өзгерістердің жай-күйі туралы ресми өтініш дайындап жатырмыз. Құрметті әріптестер, ресми жауап алған күні сіздерге бұл туралы бірден хабарлап айтамыз!