Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 1 қарашадан бастап «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі іске қосылады. Әзірге пилоттық режимде.
Пилоттық жоба аясында «Бидайық» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет. Сервис тегін.
Мемлекеттік кірістер комитеті күтпеген жағдайлардың алдын алу мақсатында «Бидайық» өткізу пункті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасынан өту үшін тасымалдаушыларды электрондық кезекті алдын ала брондауға шақырады.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы МКК Call-орталығына хабарласуға болады:
1414, 8-800-080-7777.