ҚҚС ӨССЕ, ОНЫҢ САЛДАРЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, келесі жылы ҚҚС 16%-ға дейін өседі екен! Оның айтуынша, бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл шешім түпкілікті емес екенін айта кеткен жөн, мәселе қазіргі уақытта талқылануда (!).

САПЭК сарапшыларының пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесін ұлғайту өндірушілердің позициясын нығайтпайды, ол ұлттық экономиканы бірнеше сатыға төмендетеді.

Біріншіден, мұндай шешім түпкілікті тұтынушыға теріс әсер етеді. ҚҚС мөлшерлемесі өскен соң тауарлар мен қызметтердің барлық санаттарының құны өседі, сонымен бірге азаматтардың сатып алу қабілеті едәуір төмендейді, бұл қоғам тарапынан жағымсыз наразылық тудыруы мүмкін.

Екіншіден, ҚҚС-тің өсуі енді ғана жақсарып келе жатқан бизнесті заңдастыру үрдісін қиындатады. Мөлшерлеменің өсуі кері әсер етеді, шағын кәсіпкерлердің көпшілігі өз кірістерін мемлекеттен жасыруды жөн көреді. Осылайша бюджетке түсетін салық аударымдары айтарлықтай қысқарады.

Біз бұл мәселені әлі де талқылаймыз. Бірақ САПЭК ҚҚС-ті арттыру ел экономикасының дамуына кедергі болатынына сенімді.