ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысов пен PIARC Дүниежүзілік автомобиль жолдары қауымдастығының президенті Назир Алли Қазақстанда Дүниежүзілік автомобиль жолдары қауымдастығының Ұлттық комитетін құру жоспары туралы меморандумға қол қойды.
PIARC халықаралық ұйымы 1909 жылы Парижде құрылған, ол сарапшылардың өзара әрекеттесуіне және автомобиль жолдары мен автомобиль жүк тасымалы саласындағы тәжірибе алмасуға арналған ең үлкен алаң ретінде қызмет етеді. 2021 жылдың қазан айында PIARC Кеңесі Қазақстанның қауымдастыққа кіруін мақұлдады, ал 2022 жылдың қарашасында еліміз PIARC-ке ресми түрде қосылды.
Қауымдастық президенті Назир Алли Қазақстанның PIARC-ке қосылуы 1200-ден астам халықаралық сарапшылардың қатысуымен техникалық комитеттерде әзірленетін жолдарға, инженерлік құрылымдарға және көлік қозғалысына қатысты заманауи техникалық әзірлемелер мен салалық құжаттамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Кездесуде шетелдік әріптестер жол инфрақұрылымындағы ғана емес, халықаралық тасымалдаудағы озық тәжірибелермен, жаңалықтармен және ғылыми әзірлемелермен бөлісті. Қазақстан жаңа технологияларға әрқашан ашық. Мемлекет басшысының сапаны арттыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін біз халықаралық тәжірибені үнемі зерттеп, зерделеп жатырмыз»,- деді өз кезегінде Алмас Ыдырысов Біз мұндай ынтымақтастық мемлекетке де, жол құрылысы мен жүк тасымалымен кәсіби түрде айналысатын әрбір адамға да тиімді болады деп сенеміз.